Бұл бетте «Жеңіс батыры» атты Саян Маликұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалыңдап тарихтың парағы,
Отты жыл алауы жанады.
Кешегі жеңімпаз солдаттар,
Бүгінде азайып барады.
Ардагер мәңгілік санатта,
Қанды жыл естелік парақта.
Жүректе сақталды батырлар,
Санаңмен зерделеп сабақта.
Жеңіспен оралған жауынгер,
Бұған да қуанды қалың ел.
Отанды аппаттан сақтаған,
Ержүрек батырлар кемеңгер.
Бақытпен нұрланды еліміз,
Жайқалсын бейбіт күн гүліміз.
Жеңістің туы да жығылмай,
Шырқалсын көгінде жырымыз.
Еліміз жеңісің тойлансын,
Жойылмас тыныштық орнасын.
Кешегі жеңімпаз батырдың,
Ерлігін ұрпағы жоймасын!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі