Жырласа жастар жырласын – Нұрмұханбет Фариза

Бұл бетте «Жырласа жастар жырласын» атты Нұрмұханбет Фариза жазған жастар туралы өлең берілген.

Басыңа жеткен кезде бостандығың,
Тіліңді білмегенің қастандығың.
Анасын күткен сәби секілденіп,
Жәутеңдеп кешпесін күй тастандының.

Шарықтап жарқын шықсын жастар үнің,
Бабаңның аманаты асқарыңның.
Құлдилап кетпесінші сүрінгендей,
Жер құшып жатқан дала тастарының.

Келмесе елдігіңнен дымсыз қалғың,
Тек ана тіліңменен сусындағын.
Доллар кеп төбесінен күлетұғын
Келмейді теңгеміздей құнсызданғым.

Тілім деп еміренсін еркін елім,
Жанымды қиям десең кепілдемін.
Мәңгілік Ұлы дала ұлықталсын,
Қосылғын, күресуге бекінемін.

Басыңа жеткен кезде бостандығың,
Тіліңді білмегенің қастандығың.
Өзге тіл ұғынғаның жақсы, бірақ,
Ана тіл – ұрпақ үні, жастан білгін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері