Аспаны да аласа
- 0
- 0
Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.
Бұл бетте «Өмір сүру керек» атты Сағынтайқызы Аяулым жазған өмір туралы өлең берілген.
Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.
Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.
Құм жолы асфальт емес қой
Кездеседі дөңес, ой,—
Мінгеніміз сұр газик,
Тоқтауды ол білместей,
Құмдағы атамзаманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.
Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.