Аспаны да аласа – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Аспаны да аласа» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 926
Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.
Өскен құмның қоңында
Талдары да таласа,
Осы да бар ойымда
Мұнысы да тамаша!

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері