Ақ Жайық біз аулайтын балық бар ма – Aibekkk

Бұл бетте «Ақ Жайық біз аулайтын балық бар ма» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мына өмірден бір сәтке жалыққанда,
Біз аулайтын ақ Жайық балық бар ма.
Қайран дәурен десеңші, қармағыңды,
Балық сүйреп әкеткен, салып қалған.

Балықта – үлкен, Жайықта үлкен еді,
Салып қалсаң қармақты түртер еді.
Азайса да балығың – Жайық ана,
Өзіңді әлі, жағалап, жұрт емеді.

Көптігінен шоқыр мен бекіре тым,
Күндер қайда тойып жұрт кекіретін.
Жаным жүдеп отырмын жағалауда,
Балық көрмей шоршып бір секіретін.

Қан сасыды бір кездер кәрі Жайық,
Су тасыса жағалау – бәрі балық.
Лақтыратын балықты кері суға,
Уылдырығын ішінде жарып алып.

Тартудамыз сол кездің зарын анық,
Балығына Жайықтың жарымадық.
Күндер қайда кекірген қара нанмен,
Сары майға уылдырық жағып алып.

Теңіз барып ау салған балықшылар,
Балығына Каспийдің қарық шығар.
Теңізді де шық бермес Шығайбайлар,
Бөліп алған деген сөз анық шығар.

Дүние-байлық улаған санамызды,
Кешіре гөр, ақ Жайық балаңызды.
Өлтірген соң жоқтайтын халықпыз ғой:
Қолымызбен өзіміз анамызды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ Жайық біз аулайтын балық бар ма өлеңінің авторы кім?

Aibekkk — осы өлеңнің авторы.

Ақ Жайық біз аулайтын балық бар ма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ Жайық біз аулайтын балық бар ма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aibekkk өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ Жайық біз аулайтын балық бар ма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар