Өлең, жыр, ақындар

Рухымның қолдаушысы.

Қалың ойдан ба,әлде қолымдағы қаламнан ба?!
Білмедім,әйтеуір жүрегіме келді өлең.
Әдеппенен қазағыма сәлем бердім,Алты Алашым аман ба?
Талайдан бері көмейдегі жыр-жауhарын төкпем ем.

Рухымның қолдаушысы,игі істің жаршысы армысың?
Жақсылықтың нышаны болған,жаңалықтың жарнасы бармысың?
Сонау кезде «Жұмысшы» боп әр қазақты таңмен бірге оятсаң,
Бүгінгі күнде елдің жүзі,дидарына айналдың ұғамысың?!

«Коммунизмнің туын» желбіреттің көкке биік асқақтап,
«Социалистік Алтай» болдың есімі шыққан аспанға.
Мақсұт атам бастап кеткен игі іс,
Үлгі болар кейінгі ұрпақ,біз сияқты жастарға.

Шығысымның шырайын,Алашымның арайын келтірген,
Я Аллам «Дидарыма» басымды иіп,қос тіземді бүгіп ем.
Шабытымның сыңғырлаған бастауы да,бұлағы да өзің ең,
Сен дегенде рухым бірде от,бірде мұзды жамылып,
Дірілдейді кеудеден шыққан сол бір дем.

Арнап міне өз өлеңін ағынан жарылды-ау бір балаң,
Ақындардың қатарын толтырды-ау тағы бір қалам.
Сексен бестің сеңгіріне шығыпсың бүгін сүрінбей,
Әрі қарай ғасыр жаса,шежіре боп ілінгейсің төрімде!

Сексен бес жыл қызмет қылып, рухани азығыма айналдың,
Тарихыңа үңіліп,тағдырыңа көз тігіп бір бойладым.
Төленді,Мырзабек сынды ағалардың алғырлығын,
Таңданып та,толғанып та,қызығып та ойладым.

Жаза берсем тұнып шығар кеудемдегі өлеңім,
Түйіндейін өзіңе арналған жыр-өрнектің көлемін.
Айтмұхамбет атам басқарып келген «Дидарым»,
Жүз жасашы! Жайнай берші! Жайқала бер гүлденіп!



Пікірлер (6)

Шынар

Дана, сенің өлең жолдарың кісі тебірентерлік.қаламыеның сиясы кетпесін!Жарық көрген , тойда оқвлған өлеңдеріңе мен тәнтімін!

Дана

Рахмет апай

Айгуль

Дана кызым, сонау биздин бала кезимиздеги Коммунизм туы, Социалис Алтай газеттерин козгап, бизди де бала кезимизге коз жугирткиздин, арине, сендей кыздарымыз Казакстанымыздын туын кокке котерип, атын шыгара берсин, Фариза апандай акын бол дегим келеди. Олендерине сондай ризамын, себе и, ар такырыпта жазылган. Оркенин оссин, жас акындыгынды букил халкымызга таныта бил, жана олендер жаза бер.

Галия Каратаевна

Дана, алтыным менин! Онерин орлейберсин, бийык шындардан коринебер ылги да! Сени мактан етемиз, бир жагынан шакиртим, бир жагынан ариптестер катарына косылдын. Енбегин жемисти болсын, бийык шындардан коринебер ылги да! Акжол саган тилеймин!

Анар

Тура бала кезімізді есіме түсіргендей болып отырмын. Осы газеттерді оқып,сусындап өстік қой. Балалық шағыма саяхат жасатқаның үшін рахмет саған сіңілім!!!

toktarkanovad

Рахмет барлықтарыңызға

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз