Әнші – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Әнші» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1109
Сырлардың сүзіп ішкен зеренінен,
Әншінің ақын жанды зерегі ме ең.
Әнге де шабыт керек, сезім керек,
Жүректің қайнап шығар тереңінен.
Даусың талай жайды ұғындырды,
Біртіндеп көңілге өзге жылу кірді.
Оты бар кеудесіне тыңдаушының
Сұлу ән жазып берер сұлу жырды.
Бойыңды құштарлықтың оты ұрғандай,
Аузыңнан асау жүрек атылғандай.
Бұдан сәл болар ма ем бақыттырақ,
Мен сендей әнші болсам, ақын болмай.
Жаным-ау айтасың ән ұсталықпен,
Шырмалам үн көгіне, ұсталып мен.
Күні жоқ жырдың әнсіз, әннің жырсыз,
Секілді ол егіз қанат құсқа біткен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері