Өлең, жыр, ақындар

Ел батыры- Махамбет

Ел батыры – Махамбет

Ер Махамбет- ел ерені, қайсар халық батыры,
Ел сүйсінген, жауды жеңген, асып туған ақыны.
Исатайдай серігі бар мәңгі өшпес ерлігі,
Әттең, дүние бір арсыздан жеткен күннің ақыры.

Қас жауынан тайсалмаған, хан-сұлтаннан қайтпаған,
«Алашым!» деп, атқа мініп, ел мүддесін ақтаған.
Қайтпас қайсар, қайран бабам ел батыры-Махамбет
«Қасқырсың!» деп хан Жәңгірді шімірікпей даттаған.

Талай ақын, талай дүлдүл жыр жазуда сен жайлы,
Ерлігіңді батыр баба, ұмытуға болмайды.
«Махамбеттің жебесі» бар, «Қараой» менен «Қарақұм»,
Таныс қолдан жапа шектің, әттең бізге сол қайғы.

Жан шошырлық түс көріпті дүниеден өтер күн,
Зұлымдықтың жасырынып келетіні жетер күн.
Иығынан түскен басы көкірегінен домалап,
Өзіне кеп қош айтысқан бақилық боп, кетер күн.

Деген сөз бар қазағымда «Іштен шыққан жау жаман»,
Махамбеттің ет-жүрегі ел деп соғып, лаулаған.
Ту сыртынан ұрған пышақ жақынының қолымен,
Арыстанды бір-ақ сәтте арамдықпен жалмаған.

Тарихтағы оқиға бұл Шахановтың сөзінше,
Көкірегінде көзі барлар сол қайғыны сезінсе.
Тарихымның парақтарын саралаймын мен бүгін,
Батыр баба, ерліктерің өшпес жыр боп өрілсе.

Құстан туған құмайдайын батырымды жырладым,
Дархан дала басын иген, жаттап ұрпақ жырларын.



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Еңселі егемендік

  • 0
  • 1

Биік қойды қазағым ар-намысын,
Азат болу халықтың арманы шын.
Сезімдері болжаған алдағысын,
Ар-намысы өрбіткен толғанысын,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар