Шілтер – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шілтер» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1114
Саратан зауза ызылдап,
Нәуетек гүлдер жабылды.
Маужырай қапты жүзім бақ,
Бозбала солай сабылды.
Жұлдыздар сирек, тымық түн,
Төбеттер тыныш әупілдек.
Жіңішкелігін шыбықтың,
Тұрғандай маған тау күндеп.
Жаңылдым бағзы қалпымнан,
Салдыртып келем сайменен.
Серпіліп түнгі салқыннан,
Сергіп те қалды-ау, әй денем.
Елітті жанды күлкі әсем,
Сыбдыры бақтың тосыннан.
... Сұлулықтарды қымта сен,
Ұрланып келіп қосылған.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері