У сезімді ұнатам тегі ішкенді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «У сезімді ұнатам тегі ішкенді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 859
У сезімді ұнатам тегі ішкенді,
Ойдым-ойдым көңілім тегістелді.
Бұрымыңнан топ-толық сипаладым,
Алмайын деп шошытып періштеңді.
Кеткендеймін тәп-тәтті балға батып,
Жатқандаймын шақшадан талғап атып.
Бір ысынып ... суынам, бәрі – рахат,
Қысқа таңның әттең-ай, қалғаны атып.
Сыртқа шықтым жейдемді желең киіп,
Жүрегімде барады өлең құйып.
«Асығымда – Алакөл». Көңіл асқақ,
Аласа боп көрінді белең биік.
... Махаббаттың отына келем күйіп.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері