Еңселі егемендік – Кабзулдина Нургул Жумагельдина

Бұл бетте «Еңселі егемендік» атты Кабзулдина Нургул Жумагельдина жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

Биік қойды қазағым ар-намысын,
Азат болу халықтың арманы шын.
Сезімдері болжаған алдағысын,
Ар-намысы өрбіткен толғанысын,
Жүректері жалынға толы болған
Ұлтшылдардың бейнесі-арда мүсін.

Елдің жырын жырлады жүректері,
Елдің туын көтерді білектері.
Қанша жүрек сол кезде дір етпеді,
Қанша ақын өз елін жыр етпеді?
Жатқанда көкіректе жүрек кегі,
Желтоқсанның есті ғой лептері.

Азатпыз біз!
Орнады егемен күн.
Қазақпыз біз!
Әз жұрты кемел елдің.
Тәуелсіздік!
Орнатып бақыт, шаттық,
Қуаныштың ақ нұрын төге келдің.
Осы бір күн-қазақтың азат күні,
Осы бір күн-бақыты өрелі елдің.
Осы бір күн-қазақтың ғажаптығы,
Осы бір күн-қазақтың қазақтығы!
Мәңгі болғай қазақтың азаттығы!


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері