Жан анашым
Бұл бетте «Жан анашым» атты Жанелья Торалы жазған ана туралы өлең берілген.
Жан анашым
Жүрегімнің түкпірінде сақталған,
Жылы тиер, сан мың есім, аттардан.
Туа біте, жүрегімде бір сөз бар,
"Ана" деген әріптермен жатталған.
"Сезім" десе, анамды еске аламын,
Қамын ойлап, жүретін бар баланың.
Махаббатпен жүрегі толастаған,
Амандығын тілеймін мен анамның.
Тұла бойын босатып, құрсағында кеңейткен,
Әлпештеген аялап, мейірімді ең, сен неткен.
Дүниеге келген күннен шыр етіп,
Мәпелеген, өсірген, өмірімді өзгерткен.
Дана еді, ұлық еді ел неткен,
Жүрегімді махаббатпен тербеткен.
Ана затын биік қояр бәрінен,
Ойып тұрып, орын алған жүректен.
Түн ұйқысын төрт бөлген жан анашым,
Ыстық көрер бәрінен өз баласын.
Тәуекелге бел буар баласы үшін,
Қуанышың таусылмасын, тарқамасын.
Ең бастысы бәрінен ана үшін,
Көрсем, дейді перзентінің қуанышын.
Бола қалса, бір жағдай перзентімен,
Қайда болса барады, алып - ұшып.
Ана деген неткен жан, құдіретті,
Жаратыпты, жаратқан - құзіретті.
Өмір сыйлап, келешекке із қалдырар,
Ана - деген қадірлі жан, құрметті.
Өте керемет жазылған өлең менің ойымша
Отте жаксы жасылган
Керемет
Күшті
жақсы екен
Керемет екен!
оте керемет екен
Өте күшті
Өте күшті екен Мен ана туралы өлеңдерді жаксы көрем жəне əке туралы
Жарайсың әдемі екен
Өте жақсы
керемет
Өте керемет өлең
Болады, менде олен жазамын
Жарайсын
Өте керемет
Жарайсын керемет
Керемет олен кушти жазылган менде ана аке т.б. олендер шызарамын
өте жақсы
Керемет
Керемет жақсы қайта- қайта тыңдағым келеді
Өте күшті
Бәрі күшті
Тамаша Өте керемет екен
ӨТЕ КУШТІ ЕКЕН МАҒАН ҰНАДЫ
өте керемет
Отте жаксы жасылган
Өте керемет жүрекке жақын өлең екен