Өлең, жыр, ақындар

Өмір туралы

Теңестірме мұхит суын теңізбен,
Теңестірме арықтарды семізбен.
"Жалғыз аттың шаңы шықпас" деген бар
Теңестірме жалғыз ізді он ізбен.
Теңестірме төбелерді билікпен,
Теңестірме қасқырларды киікпен.
Сендіре алмай надандарды шындыққа
Абай жаны мұңды болды күйіктен.
Теңестірме ай жарығын күнменен
Теңестірме тікенекті гүлменен.
Жылаудың да не екенін ұқпайды,
Өмірінде жарқылдап бір күлмеген.
Теңестірме қараларды ақпенен,
Теңестірме өзен суын қақпенен.
Аңдамастан айтып қалып өлген көп,
Сөйлеймін деп жаңылмайтын жақпенен.
Теңестірме надан менен дананы,
Сүйіп өткен Отан менен ананы.
Арамызда табылады әлі де,
Улайтындар сезім менен сананы.
Өмірдің көп жұмбақ сыры, сұрағы,
Арбап сені түрлі жолға бұрады.
Көз жеткізіп байқағанға бұл өмір
Күрес пенен қайшылықтан тұрады...



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Ақын

  • 0
  • 1

Көп адам ақын жанын білмейді екен,
Бостан - бос кейбіреуді тілдейді екен,
Жоқ болса қызметің бұл көпшілік,
Көзіне ақындарды ілмейді екен.

Толық

Қарап көріңіз