Өлең, жыр, ақындар

Екінші өмір

Тағы да қыстың жүректі,
Нең бар менде, босатқай.
Əкеңнің құны қалды ма?
Сүйретіп көрге дұшпандай.

Шабыт па, əлде дерт пе едің?
Өзіммен сені ерткенмін.
Шабыт болсаң тұрақта,
Ал дерт болсаң, кет дедім.

Қырықтан астым көлденең,
Көлеңкелемедің құрма бақ.
Шолаушыңмын шөлдеген,
Деттеген жеріме жетпеген.

Шөл де қысып шөлдеген,
Сонда да жанмын сөнбеген.
Əділетсіз мына заманда,
Əділдікті көрмегем.

Қыста аптап суықта,
Қысылды жаным жуықта.
Отаға түстім, күтпеген
Белімді бекем буыпта.

Денемнен шығып, шыбын жан.
Көтерілді ақ бұлтқа.
Клиникалық өлім деп,
Айтайыншы,
түсінікті етіп, бұл жұртқа.

Бұндай күйді көрмегем.
Өңім бе, əлде түсім бе?
Сондай сезім керемет,
Жеткізе алмас тілім де.

Керемет сезім айтарлық,
Жеткіншек кезім, ақ көйлек,
Уақытты кері қайтарып,
Қойғандай шіркін, ап келіп.

Көңілім шат, жоқ қайғы.
Тетелес ұл-қыз бірге ойнап,
Жүрмін деймін солармен
Қуаныш сезім, той тойлап.

Төменгі жақтан бір дауыс,
Бұл кісі неге тұрмайды?
Дегенде бір-ақ селк етіп,
Мені айтқанын ұққанмын.

Жоғарыдан дауыс, түс -деді,
Төменге бар денеңе.
Ақ бұлтты қимай мен тұрмын.
Кіргім келмей өз денеме.

Сəл итеріп қалғанда,
Ұшып төмен түстім де,
Бас жақтан кіріп денеме
Бисмиллах -деп,
Бір Аллаға сенгем де.

Қайта өмірге келгенім,
Бұдан менің түйгенім.
Өмірді мен сүйемін.
Мұсылманның парызын,
Орындаумен жүрейін.

Бір Аллаға сыйынып,
Барар жердің барын ұқ.
Бес уақыт намаз жолдасың,
Мұсылман жанға болған құт.

Ұмытпа пенде, ұмытпа,
Оны да білгей боларсың.
Қаза етпей намазды,
Жүрсең пенде оңарсың.

Барғанда берер жауап бар.
Бұл дүниеге қонақпыз.
Келгеннен соң кетер бар.
Ажалды да ұмытпа!











Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз