Тәубешілге – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тәубешілге» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Тәубе деңді мүләйім өп-өтірік,
Өз есебін түгелдеп ток отырып.
Ісі болмай мөлиген мүсәпірмен
Еңбекқордың есесін жеп отырып.
Тәубе тамақ бола ма қарның ашса
Құтың кетіп бойыңнан қуат қашса
Ораза-намаз тоқтықта деп жатпай ма
Жоқтық қамап, андыздап аузын ашса.
Әрине, бұл ар атта деген емес,
Әрекетсіз болма деп берген кеңес,
Қарекет пен қанағат қауышқанда
Ғана, келген қиындық қауіпті емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері