Тілек – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тілек» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Қарағым, қадірменді Сәнияшым,
Қуанам тапқаныңа жан ұясын.
Құттықтап жаңа тіккен отауыңмен
Тілеймін бақыттың мол дариясын.
Мекенде бақ дария балықтай жүз,
Көрмесін қабағың бұлт, табаның сыз.
Көп болсын ұзын арқау, кең тұсауың,
Маздасын ошағында от жылдарға жүз.
Әйтеуір дүниеде бардың бірі,
Немесе байлық баққан — қолдың кірі
Болмассың, Серігіңмен серіктесіп,
Болыңдар адам ұлы, ардың құлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері