Мен бақытты баламын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Мен бақытты баламын

Мен бақытты баламын,
Күнде думан саламын.
Қызықтарға тоймаймын,
Асыр салып ойнаймын.

Мен бақытты баламын,
Шамшырақ боп жанамын.
Кең даланың гүлімін,
Бейбітшілік үнімін.

Мен бақытты баламын,
Қолымда жыр қаламым.
Жүрек сөзін жолдаймын,
Тебіреніп толғаймын.

Мен бақытты баламын,
Таудай биік талабым.
Өткелдерден өтемін,
Жеңістерге жетемін.

Мен бақытты баламын,
Өнер-білім аламын.
Баба салтын сақтаймын,
Ел үмітін ақтаймын.


Пікірлер (2)

Кәусар

Өте қызық екен маған ұнады

Уммугулсим

Кушти

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бақытты баламын өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Мен бақытты баламын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мен бақытты баламын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақгүл Тұрсынбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бақытты баламын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.