Өлең, жыр, ақындар

Еңсеңді көтерші

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 707
Қазағым!
Алтай тауын
Саңдықтай ақтарып
Кек түрiктерден қалған
Оқ тауып берейiн.
Аспандағы айды ұстап —
Сәуле,
Жұлдыздарды ұстап -
Қаныңа сiңетiн! —
От сауып берейiн.
Еңсеңдi көтершi.
Отансызыңды
Суға лақтырып,
Отқа салайын;
Опасызыңды
Темiрқазық-жұлдызға
Салбыратып байлап —
Көкесiн көзiне көрсетiп! -
Сабайын.
Қара бұлттарды
Шүберектей сығып
Суын ағызайын;
Жасынның нұры сiңген
Аспанның сол суларын-
Көзiң ашылсын деп! —
Көзiңе тамызайын.
Еңсеңдi көтершi!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңыз

  • 0
  • 0

Патша
Аң аулап келе жатты.
Бір кезде ол —
(Таңалакеуім бе,

Толық

Өлі тыныштық

  • 0
  • 0

Өлі тыныштық.
Ес-түссіз тіршілік
Осы жерде ұйысып,
Бөгіп қалғандай...

Толық

Жаралы өмір

  • 0
  • 0

Мынау өмiр –
осы қазiр –
жаралы:
темiр торлар буып алған сананы.

Толық