Көктем келді
Бұл бетте «Көктем келді» атты Aizhan201075 жазған табиғат туралы өлең берілген.
Табиғатқа жан бітіп,
Адамдар да көп күтіп,
Келдің міне, көктемім,
Күлімдейді көкте күн!
Қар еріді, су ақты.
Суға толды арықтар.
Құстар келіп алыстан,
Аспанда ду-ду қалықтап.
Малдар төлдеп қорада,
Төлдер мəңірей бастады.
Сəбилер келіп дүниеге,
Өмір есігін ашқаны.
Дүниеде толы керемет,
Еліме берсін берекет.
Тіл көзінен сақтасын,
Аулақ кетсін бəлекет!
Қазақ елім киелі,
Бейбіт күнді сүйеді.
Көп ұлтты басып бауырға,
Қандай кең еді жүрегі?!
Көктемде шуақ күн күліп,
Төлдей берсін төрт түлік.
Көктей шығып көгерсін,
Қазақты ғалам көп біліп.
Көктемде құстар əн салды.
Ағаштар да бүр жарды,
Болашағын ойлап ел,
Отырғызды көп талды.
Көктемді сағындық қой)
Өте керемет өлең.
нашар олен
Алишер, өзің нашар екенсің)
Өтте күштті
Өлең кермет! Рахмет! Жаттауға да оңай екен.