Әбдірахман науқастанып жатқанда

Бұл бетте «Әбдірахман науқастанып жатқанда» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 2
  • 12694
Я, Құдай, бере көр,
Тілеген тілекті.
Қорқытпай орнықтыр
Шошыған жүректі.
Шын жүрек елжіреп,
Алладан тілеймін.
Шын қалқам осы күн
Болып тұр керекті.
Жүрегім суылдап,
Сүйегім шымырлап,
Алладан тілеймін
Құпия сыбырлап.
Зар етсе пендесі,
Бермей ме Алласы.
Тән саулық қалқама,
Қабыл боп көз жасы.
Не жазам, япырмау,
Қол шорқақ, тіл мақау.
Сәләмат өзіңді
Кешікпей көрсем-ау.
Бір суып, бір ысып,
Барады іш пысып,
Жүзіңді бір көріп,
Сүйгенше бір құшып.
Бір үміт, бір қауіп
Көңілге жол тауып,
Кірген соң сөз қиын,
Әр неге ой ауып.
Екі аяқ не қылып,
Басқаша ауырып,
Япырмай, докторлар
Жүрмесін жаңылып.
Жарылып ауыз ашты,
Жарасы жарасты.
Жарасыз біреуі
Неліктен ұйқы ашты?
Алмаса докторға,
Нанбаңыз соққырға.
Визитке төлемей,
Шырағым, бос қалма.
Ол жесін, ол жұтсын,
Шырайын жылытсын.
Ақшаны аяма,
Ұйқыны тыншытсын.
Әбсәмет жиенің,
Ол — сенің біреуің.
Достығын достықпен
Өтемек — тілеуім.
Көңілдің хоштығы —
Ол оның достығы.
Барар ем, қолымның
Болмады бостығы.
Сарғайды жүзіміз,
Сарылды көзіміз.
Қатайып сауықсаң
Сағынған өзіңіз.
Хатымды көріңіз,
Көңілді бөліңіз.
Қуатың ерік берсе,
Кешікпей келіңіз.
Туа өскен жеріңіз,
Туысқан еліңіз
Зар боп тұр көруге,
Ұнатса көңіліңіз.
Уайым жеуліміз,
„А, Құдай" деуліміз.
Жазылып келсеңіз,
Гүлденер өміріміз.


Пікірлер (2)

Дария

Күшті

Дария

Маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбдірахман науқастанып жатқанда өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбдірахман науқастанып жатқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбдірахман науқастанып жатқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбдірахман науқастанып жатқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері