Солдат туралы баллада – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Солдат туралы баллада» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6611
Үш танкінің көзін жалғыз жоғалтып,
Өлді солдат зеңбірекке қол артып.
Батыс жаққа жүре берді достары,
Ол атпаған жауға оқты боратып.
Қайрат тапты ол, темірге де төзерлік,
Оның жолын әлі талай кезер жұрт.
Ол ерлікті іздеген жоқ ешқашан,
Оны қайта іздеп тапты өзі ерлік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері