Су құйдым отқа арша да жанса – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Су құйдым отқа арша да жанса» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Су құйдым отқа арша да жанса,
Өлеңді жырттым парша да парша.
Өзімді көміп райдан қайттым,
Көңілім одан қалса да қанша.
Жүректі жырттым шаштым да қанын,
Үміттің дарға астым да бәрін.
Айналам түнек – қап-қара болды,
Құрыды көзден жас құрғап әлім.
Дүние-жерді өртеп те барам,
Айналды бір сәт ертекке ғалам.
Маңымды жайлап су қараңғылық,
Ешкім де бірақ селт етпеді оған.
Су құйдым отқа арша да жанса,
Өлеңді жырттым парша да парша.
Өзімді көміп райдан қайттым,
Көңілім одан қалса да қанша.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері