Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Бұл бетте «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» атты Абай Құнанбайұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей.
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мәғшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.
Өте керемет
оте керемет маган унады
Маған Абай атаның өлеңдері қатты ұнайды осы кездері беріліп оқып жүрмін десемде болады
оте тамаша керемет
Маған өте қатты ұнады
Маған ұнады бірақ тақпақпақ жинақтары түгел емес
Жақсы, керемет!
Өте керемет
Мен жатап алдым керемет күшті
Шын сөзбен айтысған
Өте кермет өлең. Маған қатты ұнады бүгінгі сайыста осы өлеңді айтамын.
Маған өте қатты ұнады. Ертең сайыста осыны айтам
Мен осы өлеңді оқып ташкент , Алматы,Өзбекстан қалаларында жолдама алдым
Осы өлеңді жаттап бірінші орын алдым рахмет
“Өлсе өлер табиғат, адам өлмес” өлеңін оқып шықтым — бұл туынды маған адам өмірінің мәні мен жалпақ дүниедегі рухтың құдды мәңгілік екеніне терең ой салды. Абай өлеңінде табиғат пен адамның айырмашылығы арқылы адамның тәнінің ғана уақытша, ал сөз бен ой, жүрек пен рухтың мәңгілік екенін әдемі жеткізген сияқты. Адам денесі өлсе де, артына сөз қалдырған, халыққа ой салар шығармалармен есте қалатыны ойымды тереңдетті.
Йя өте керемет мен абай атамыздың өлеңдерін мықты дескте болады.