Қой мен қойшы – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Қой мен қойшы» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2121
Шіліңгір шілде ішінде
Күн тиіп азап тартасың.
Ішкізер еді — дом үшін де
Қара қойдың сорпасын.
Қара құрт шақса уытын,
Тағы да сорпа қайтарар.
Шомылып соған жігітім,
Шыдамсыз жаның жай табар.
Тұра алмай қалсаң шойырылып,
Жел тиіп желкем беліңе.
Сол қойшы қойын сойдырып,
Орайды жылы теріге.
Жайлауда ауырып қалдың ба,
Ойламас әсте арам ой.
Жайылып жүрген алдыңда,
Қойшының емі — қара қой.
Сәулесі күннің мол мұнда,
Қара қой ғажап дара ғой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері