Тарас пен Шоқай – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Тарас пен Шоқай» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1175
Қашқар бетке буған батыл белді бір,
Петр Шаһар жас Шоқанның ерлігін,
Шарап аттап жатқан кезде,
Тарасқа,
Түн-түнектен оралатын келді күн.
Келе сала сол жұпыны күйімен,
Осында ғой, осында ғой түйін ең,
Саяхатшы поручикті тапты іздеп,
Солдат Тарас Демут қонақ үйінен.
Дос көңілге қай кезде де өріс кең,
Бары пұлын жоқпен бірге бөліскен.
Ұлы орыстың шаһарында қазағым,
Украинмен алғаш осылай көріскен.
Ақын, Ғалым түсінікті, жарасты.
Көңілдерде түсіністік жол ашты,
Тарас салған Маңғыстаудың суретін,
Тамашалап, мәңгі дос боп тарасты,
Шоқан әсте тани білген дос таңдап.
Жат еді оған көлгірсу мен жасқанбақ.
Азасында ұлы ақынның мезгілсіз,
Тұрды ғалым жанарынан жас парлап.
Көңілдерде қалтарыс көп, қуыс көп.
Азғырса да ел ажырас деп, суыс, — деп,
Кеткен орыс, украин, қазағым,
Әуелден-ақ тамыр болып, туыс боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері