Аяймын
Бұл бетте «Аяймын» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алқа топта болмаған,
Есіп айтар нақылы.
Aшу тоқтар болмаған,
Кесіп айтар ақылы,
Аталарды аяймын.
Шырқыраумен жан-шыбын,
Сәл нәрседен үріккен.
Үркіп жүріп аңшының,
Қарауылына іліккен,
Еліктерді аяймын.
Өзгешелеу жалыны,
Бесік жырын ұқпаған.
Уілдеген бал үні,
Өз тілінде шықпаған,
Сәбилерді аяймын.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі