Мақпал – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Мақпал» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3836
Сайына Шағырайдың-ай-ау ағып кеттім,
Жыраға тырнағымдай-ай-ау неғып кеттім.
Бұрымда жаңылмайтын-ай-ау байғұс басым,
Неліктен осы жерде-ай-ау қапы кеттім.

Қайырмасы:
Үриау, үриау, үриау.

Ей Мақпал, мен разы-ай-ау, сертке жетсең,
Жер жерден қиын-қыстау-ай-ау, аман өтсең.
Жанымды бір тиындай-ай-ау, көрмеуші едім,
Өзің біл ғашығыңды-ай-ау, зар еңіретсең.

Қайырмасы:

Шаһардің Иранбағы-ай-ау, гүліндейсің,
Зайтундей ерте піскен-ай-ау, күлімдейсің.
Көп ішіп бойға сіңген-ай-ау, апиындай,
Денеме қанша айтсам да-ай-ау, білінбейсің.

Қайырмасы:

***
Жігітке кедейшілік ол сергелдең,
Жоқ болса жалғыз атың, өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп құр аттанса,
Не керек дүниеде үміттенген!

Шешеннің сөз шығады таңдайынан,
Жұмақтың сізге мекен қандайынан?
Бар болып, байлар кімді асырайды,
Әр кімнің жазған алла маңдайынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақпал өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Мақпал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақпал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақпал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері