Қалқама – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Қалқама» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2654
Қалқама хат жаздырдым алақандай,
Тоғыз қыз бір өзіңнің садағаңдай.
Айналып дүние сұмға қолым тимей,
Талпындым көк қауырсын балапандай.
Өлеңім ағын судың басындай-ды,
Найзағай аспандағы тасындай-ды.
Алмасаң тар қойныңа өзің тартып,
Мойныңа өзім барып асылмаймын.
Басынан Бүркіттінің түн қатайын,
Шылбырын Кершұбардың шұбатайын.
Кершұбар маған десе арамқатсын,
Іздеп келген қалқама тіл қатайын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері