Ақжорғажан – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Ақжорғажан» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2243
Басына кәмшат бөрік қиғашырақ,
Қыз сапы бас болғанда, біз — шам-шырақ.
Ала үйрек, алма мойын перизатым,
Болмаппын сізбен таныс бұрынырақ.

Қайырмасы:
Ақжорғажан, Ақжорғажан,
Жігітке қыз сыйласа-ай-ау болмайды арман

Мінгенім дәйім менің Сұрқызылтай-ай,
Көңілім сізді көріп бір бұзылды-ай.
Көзіме әйбаттанып көрінесің,
Бейіште сегіз сарай хор қызындай.

Серінің серменуге көңілі ауды,
Ойландым бастайын деп бір хиялды.
Түсті ғой, жолдастарым, сәуле еске,
Ап келші қамыс құлақ Бозқоянды.

ІІ ТҮРI
Боз үйден таң алдында шығар күйеу,
Артынан жары қарар бетін басып.
Келгенше енді айналып кім бар, кім жоқ,
Қарағым, бір сүйгізші, аха-хай-ау,— аузыңды ашып, ей-ау....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақжорғажан өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Ақжорғажан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақжорғажан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақжорғажан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері