Ақын қасіреті

Бұл бетте «Ақын қасіреті» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1033
Қырандарда қыран бар самғайтұғын,
Самғайтұғын биікке, талмайтұғын.
Оларда да бар шығар әлжуаздар
Тышқан аулап, өзегін жалғайтұғын.
Оларда да бар шығар шеңгелдерін
Арлан түгіл көжекке салмайтұғын.
(Т. ҚАЖЫБАЕВ. Жол басы 46-бет)
Ақында да ақын бар самғайтұғын,
Самғайтұғын биікке, талмайтұғын.
Балдай шырын тамаша өлеңдерін
Тана көзді қыздарға арнайтұғын.
Ақында да ақын бар алмай тыным,
Өлең іздеп, ой-қырды шарлайтұғын.
Орайына оңтайлы ұйқас тапса,
Қыр соңынан өлгенше қалмайтұғын.
Ақында да ақын бар алдайтұғын,
Айтқанына еш адам нанбайтұғын.
Тышқан аулап күнелткен жапалақтай,
Алты қырдан әрі асып бармайтұғын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын қасіреті өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақын қасіреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын қасіреті өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын қасіреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері