Жастарға

Бұл бетте «Жастарға» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.03.2019
  • 0
  • 0
  • 10140
Ер жігіт дүниені көрген артық,
Дүниеде не бар-жоғын сезген артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзген артық...
Қол берген қиын жерде жолдас артық,
Бас тартқан жолдасынан оңбас артық.
Өзіңмен бірдей жанып, бірдей күйген,
Досыңнан қатын-балаң болмас артық.
Жігітке сайран етіп жүрген артық,
Жігіттік бір кеткен соң келмес қайтып.
Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,
Жан-тәнің бірдей жанып күйген артық.
Осылай бозбалаға салдым нұсқа,
Өмірің зайып болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне ажал, келді наубат деген тұста.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жастарға өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Жастарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жастарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жастарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері