Қасенге – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Қасенге» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1983
Кетейін сөйлеп-сөйлеп сөз келгенде,
Түзелер қисық ағаш тез келгенде.
Өлеңді мұнда айтпаған, қайда айтамын,
Жақсылар, тату жолдас кез келгенде.
Қасеке, Назар, Нияз-ата-бабам,
Сөйлейін бір азырақ келсе шамам!
Тоқсан түйе, тоғанақ жүгіменен,
Бай-батшаңыз келді ме есен-аман?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері