Өлең, жыр, ақындар

Сүйсең мені, салыстырма өзгемен

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 681
Сүйсең мені, салыстырма өзгемен,
Кездескенде дәрменсіз ғой сөз деген.
Маңдайдағы көзбен емес, қарасаң,
Қара маған жүректегі көзбенен...
Өлең емес бір өзіңнен өзге өлең,
Өзге мені зерттеп сендей сезбеген.
Көкжиегін көңілімнің көре біл,
Бір өзіңе біткен қыран көзбенен.
Ертеменен еркелейді тауға күн,
Жарқыратып жарығымен аумағын.
Жан-дүниеме сол жарықтай жол тауып,
Айтшы, мені не сиқырмен жауладың?
Өлең емес бір өзіңсіз сөз, өлең,
(Бізге жаттың тимес оғы кезеген).
Өзің үшін сүрген мынау өмірдің
Азабына, мазағына төзер ем...
Қарамашы қабағыңа қайғы алып,
Көздеріңді көздеріме айна ғып.
Өмірімді тек өзіңмен бастар ем,
Көктем ғұмыр келсе маған айналып?..
Ыстық-суық тірлік дәмін татып көп,
Өзің жайлы ойдан шығам батып тек.
Тағдырымдай қарсы алармын мойындап,
Сен сыйлаған қасіретті де бақыт деп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын

  • 0
  • 0

Қиялымнан тартқандай көкпар ағын,
Ақтарамын, таулардың көк парағын.
Сағымданған дарияның құшағына,
Шомылғым кеп, үздігіп көп қарадым.

Толық

Гүл аузындағы жер шары

  • 0
  • 0

Бейбіт өмір тіршіліктің аңсары,
Жапырақ жайған сұлулықтың дер шағы.
Жалын-өртке жанып кетпей, үлбіреп
Гүл ашып тұр, гүл аузында жер шары.

Толық

Әупілдек

  • 0
  • 0

Қайранмын албырт қиял сол күнге мен,
Қияқтай тұлымшағы желкілдеген.
Мені алар «құбыжықтай» қорқушы едім,
Дауыстан таң атқанша әупілдеген.

Толық