Көкейкесті – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Көкейкесті» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3421
Ай қараңғы көрінер солған сайын,
Пенде азар кемеліне толған сайын.
Адамға ашу — пышақ, ақыл — таяқ,
Таяқ та мұжылады жонған сайын.
Мінгенім дәйім менің — күрең бесті.
Жүрісіне жануардың көңілім өсті.
Есіме сен түскенде, қайран елім,
Шығарған әнім еді «Көкейкесті».
Мінгенім ел көшкенде көкше бесті,
Жәкейден Мамай көлге елім көшті.
Есіме түскенінде құлындарым,
Елжіреп іші-бауырым жерге түсті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкейкесті өлеңінің авторы кім?

Біржан сал Қожағұлұлы — осы өлеңнің авторы.

Көкейкесті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкейкесті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Біржан сал Қожағұлұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкейкесті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері