Бірсіндеп садақ асынбай – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Бірсіндеп садақ асынбай» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.03.2019
  • 0
  • 1
  • 20040
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат,
Балдағынан қанға боялмай,
Асыл туған ер жігіт,
Түсінен шошып оянбай.
Қарындасқа қанды көбік жұтқызып,
Халыққа тентек атанбай.
Үйде отырған жігітке,
Теп-тегін атақ болар ма?!


Пікірлер (1)

Цкпп

Кео

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері