Бір сыншыға – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Бір сыншыға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1846
Оқимын да жазғаныңды қорқамын,
Бұл не қылған мүсәпір деп аяймын.
Айнымады - ау баяғы бір жортағың,
Танымайсың таңбасын да бояудың.
Я құлақ жоқ еститұғын дыбысты,
Я жүрек жоқ сездірер, я сезетін.
Іздесейші бойыңа шақ жұмысты,
Сын малта емес қартайғанша езетін.
Көше сыпыр, босқа отырғың келмесе,
Ол да пайда сүйген жұртқа тазалық.
Олла - билла, жарасар еді өзіңе
Қаламнан да сыпырғыға қожалық!
Тек шаңдатпа екі қолым мықты деп,
Ұмытпа, сен, ақыл керек оған да.
Жырлайын мен бір ғажап жан шықты деп
Сыпырғымен көмек етер қоғамға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сыншыға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Бір сыншыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сыншыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сыншыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері