Есіңде ме – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Есіңде ме» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2521
Есіңде ме кездескенің, қарағым,
Есімді алдың, неге сонша қарадың?
Жүрегіме лақтырған бір шоғыңнан –
Енді міне лаулап жанып барамын.
Айтшы күнім, неге сонша қарадың!
Кірпігіңмен аттың бір оқ, қададың.
Отты көзім, емшім өзің болмасаң –
Қансырамай қалай аман қаламын?..

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері