Өлең, жыр, ақындар

Қалыбекке

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1117
Елу жылдығына

Ағамыздың, қаның таза жаныңдай,
Жүрегің от жанып тұрған жалындай.
Жарты ғасыр жасымастан жасадың
Қазағымның қайраты мен арындай,
Кім бар сені осынша елде көрмеген,
Кім бар саған осынша елде сенбеген?
Сенсің, аға, ән жырыңмен аялап,
Жан бесігін жадыраңқы тербеген.
Әділетсің - сүйіп жұртың сенеді,
Әміршісің - билігіңе ел көнеді.
Кейде уату, кейде еріксіз жылату
Бәрі өзіңнің құдіретіңнен келеді.
Танытқан сен елдің батыр, ақынын
Таптық сенен елдің сабыр, ақылын.
Өткір тілің шалғысындай өтеді –
Екі жүзді суық, болат сапының.
Ардақтысың, қаның таза жаныңдай,
Жүрегің от - лаулап жанған жалындай.
Жүз жыл жаса - еркелеткен еліңмен,
Жортуыңнан, жүйрік ата, жаңылмай.

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалыбекке өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қалыбекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қалыбекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалыбекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері