Тарту

Бұл бетте «Тарту» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1478
(Рысметов Хабиболлаға арнаймын)

Құлағында жігітше ойнап дөненнің,
Қос ат алып, Қабе-ау, қайда жөнелдің.
Тау тұлғаңмен балаға ұқсап жеткенде,
Ықыласқа шын көңілден кенелдім.
Ұзақ күнді сары жолда ұқтырып,
Ұзақ күнге қойдық па біз күттіріп.
Сонда дағы сыр бермедің қабақтан,
Азаматтар, мұның өзі мықтылық.
Ортаңызға жеткенше әбден асықтық,
Менен аулақ жігерсіздік, жасықтық.
Кең пейілді мінезің ғой, қазағым,
Кімді бол сын қоятұғын ғашық қып.
Мұнда не бір таудай ірі тұлғалар,
Көздерінен мейірім төгіп, нұр жанар.
Уа ағайын, осыншама құрметке,
Көңіл шіркін сусындар да бір қанар.
Жердің мынау жатқан бейне алыптай,
Елің мынау еңбек етер жалықпай.
Қасиетті мекенсің сен қашан да,
Атақ-даңқың қоймас сірә танытпай.
Алматыдан келдім міне араңа,
Талай таулар, көлдер қалып арада.
Алып келген Сізге үлкен тартуым
Осынау өлең, көптей көріп ал, аға. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарту өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Тарту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері