Қарлығаш пен қабан – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қарлығаш пен қабан» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6119
Қияқтай сүйір қанатын,
Қиғаштап жайып қанатын,
Қарлығаш жетіп ұясына,
Жем әкелсе баласына,
Байқап қалды қабанды.
Үйді тіреген бағанды
— Қуалай қазып үңгіп,
Жатыр екен ін ғып...
Қарлығаш қатты састы да;
— Құлатқаның жақсы ма ?
Бағанның басында,
Ұя барын қасында
Көптен бері білесің,
Достығың ба, қастығың ба?
Айтқаны - ақ сол қабанға:
— Ұя керек маған да!
Дегеннен басқа оған,
Түк айтпады қабан.
Көлгірси күліп өзі үшін,
Құшағын жайып дос болар.
Қапысын тапса өзге үшін
Ор қазатын сондайлар.
Айналаңда әлі бар.
Дос кім, қас кім ?
Танып ал!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлығаш пен қабан өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Қарлығаш пен қабан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлығаш пен қабан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлығаш пен қабан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері