Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең,
Көптен бері көтерілмей жүр еңсем.
Аллаға мың шүкіршілік айтар ем,
Ауруымнан айықтырып жіберсең.
Көңілімде – көбік көшкін, күрең сел...
Бүгін тағы көтерілмей тұр еңсем.
Жүзің жылып,
Жібір ме еді жүрегің,
Жібек жіптен өлең тоқып, жыр өрсем?
Жырың жұмбақ,
Түрің қымбат,
Кім ең сен?
Тілегімнен табылар ма ең, тіленсем?..
Қара жолда қаңғып жүріп,
Қайтер ең,
Қасың менен қабағыңа тірелсем?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезі мезгіл меңдеп мені бір өңшең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері