Қоңыз бен доңыз – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қоңыз бен доңыз» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4659
Қоңызға кез болды да бір күн шошқа:
— Жақсы сөз жарасымды жақын досқа.
Қит етсе "шошқа " дейсің тық еткізіп,
Одағай атымды атап бостан-босқа.
Әрине шошқаны ұят "өгіз " десең,
Өгізді ол да орынсыз "қоңыз " десең,
"Шошқа " деп шорт кетпей-ақ, сыпайылап
Болмай ма жарасымды: "доңыз " десең.
Тыңдап боп шошқа өкпесін "мырза " қоңыз,
— Орынды,— депті, сөзің, достым доңыз.
Жентельмен кішіпейіл Қоңыз досқа,
"Мерси " деп бас иіпті доңыз - шошқа.
Сонымен: "мырза " қоңыз, "сыпа " доңыз,
Көң іздеп кетті екеуі тұрмай босқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыз бен доңыз өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Қоңыз бен доңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыз бен доңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыз бен доңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері