Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз

Бұл бетте «Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3703
Көкте жатыр шашылып
қанша жұлдыз, қарашы!
Шолпан жұлдыз — анасы,
басқалары — баласы.
Айы туып, Күн шығып,
аспанда ылғи таң дейді.
Жердегідей тіршілік
ол жақта да бар дейді.
Қария Үркердің бұл Айы
кіндіктен жалғыз қызы еді.
Көз жауын алып шырайы,
бойжетіп, бойын түзеді.
Аспан еліне әйгілі
Жеті қарақшы түн қатты.
Сөнгесін таңда Ай нұры,
Үркердің қызын ұрлапты.
Жетеуі жасыл жазықта
тізгінін аттың босатты.
Байлады Темір қазыққа
Ақбоз бен Көкбоз — қос атты.
Ақбоз ат пенен Көкбоз ат
Темір қазыққа байлаулы.
Қызы үшін Үркер шекті азап,
қылышын сайлап қайраулы.
Батырлар сүймес жәй дауды,
жетсе егер Үркер — құба шал,
Жарау қос ат тұр байлаулы –
қызды алып бірі қыр асар.
Шарласа Үркер Шығысты,
Батыста жеті жігітің.
Қанша ғасырлар ығысты,
үзбейді әке үмітін.
Үркер жүр қарап бәріне
қыздарды көрсе гүл терген.
Жеті ұры содан әлі де
қашып жүр дейді Үркерден.
Әзірше құйттай баламын,
көп оқып, білім аламын,
"Құс жолымен" зулатып,
жұлдызды көкке барамын.
Жеті батырмен кеңесіп,
табыстырамын Үркермен.
Үлкен болғасын мен өсіп,
шыңдардан асам бұлт емген.
Қалмаймын көкте, оралам
батырлар өскен жеріме.
Батырға мені балаған
қызмет етем еліме!
1987


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері