Бұл бетте «Қуанышты күңкіл» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
— Қатын,
— Есіттің бе сен?
— Немене?
— Тыңда, айтайын мен.
Бүгін,
Бір жалшыға жолықтым.
— Не айтты?
— Қуанышқа молықтым.
Байдың малын алатын болыпты.
— Шын ба ?
— Шын, ауылнай да жолықты.
Байдың он қарасы менің атымда.
— Солай ма еді?
— Білдіргенім мақұл ма?!
Көрсетем, қорлығы әбден өтіп еді.
— Көрсетсең көрсет,
Басынып-ақ кетіп еді!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі