Өлең, жыр, ақындар

Честное слово

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3083
Бетіңе қарай, күлімдей келеді,
Күле қарасаң, күлімдей береді,
Майпаздап жүріп, мәпелеп сөйлеп,
Жыландай жылжып, білінбей келеді.
Жаныңа жайлап, жағына келеді,
Жай-күйін айта, шағына келеді,
Жақындай түсіп, жағымпазданып,
Саулығыңды айта, сағына келеді.
"Честное слово " — сөзінің басы,
"Значит, факт " — сөзінің нашы.
Күйіне сөйлеп, күйгелектеніп,
Келіп те қалады көзінің жасы.
Сүттен ақ, суда таза келеді,
Түп-тұғияның қаза келеді,
Жел болып желпіп, от болып шалқып,
Сыртыңнан өсек жаза береді.
Алтындап алған тісі болады,
Үлкен де болса, кіші болады,
Ақсия күліп, ақшия қарап,
Сондай бір "честный " кісі болады.
Донос пен арыз аттанып жатады,
Арызға қоса хат жазып жатады.
"Честное слово " фактысы мол деп,
Папкаларды ашып, ақтарып жатады.
Сөзінің бәрі: "депті"- мен келеді,
"Құртуға уақыт жетті!"- мен келеді.
"Честное слово, бір жолдас айтты,
Ол шынын айтып "кетті!"- мен келеді.
Сөзінің көбі цитатпен келеді,
Өмірі көрмеген кітаптан келеді.
Көкірегін қағып, көтере сөйлеп,
Жек көрген адамын сықақтай келеді.
Етегін сіліксең "акты " шығады,
Жеңін сіліксең "факты " шығады,
Қойнын ақтарсаң, қолаба - қоржын,
Сүрленген арыз папка шығады.
Көрінген адамды шатып жатады,
Қағаздан мылтық атып жатады.
"Честное слово " — фактымен толып,
Шындықтан бірақ қашық жатады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоқалдың назы

  • 1
  • 0

— Ей, немене қабағыңды түйіп
Кеткендей дүниең күйіп!
Көп сандалмай бер жылдам,
Көжең болса құйып!

Толық

Мысық пен шыбын

  • 0
  • 0

Қаладағы асхананың бірінде,
Бір күн іңірде,
Масыққан мысық
Бір көзін қысып,

Толық

Аю мен қасқыр

  • 0
  • 0

Дос болыпты бір аю қасқырменен,
Арасында сөз жүріп: "тақсыр!" деген.
Қонаққа досын қасқыр шақырыпты,
Жылы жүз, меймандостық жақсы үнменен.

Толық

Қарап көріңіз