Үш орындық, екі тақта – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Үш орындық, екі тақта» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2375
С. ауданының Батырбайдағы "Жас қайрат" мектебінің жайын жазған алдымызда бір хат жатыр. Хатты оқып көріп таңғалдық. Хатта мына секілді "арыз" жазылыпты:

"Көп-көп сәлем басқармаға,
Баспасаң да басқамды, аға,
Бұл хатымды басыңыздар,
Былық бетін ашыңыздар.
Алыс емес, Батырбайда
"Жас қайраттың "мектебі бар,
Мектеп жайын ауданнан да
Келіп көріп, кеткені бар.
Өткен жылы сентябрьде,
Дәл күндізгі сағат бірде,
Кісі бойы жерді қазып,
Төрт-бес жерден қақты қазық,
Айқастырып шыбық салып,
Жас жидені жығып салып,
Жер астынан "үй" тұрғызды,
Бізді апарып отырғызды:
"Сендерге осы мектеп... " деді.
Бар дүние мектептегі:
"Үш орындық, екі тақта..
Ол да тозып осы уақта,
Тиіп кетсең сықырлайды,
Басып қалсаң тыпырлайды.
Мұнда 34 оқушы бар,
Астымызда қамыс та жоқ,
Жазы-қысы жерде отырмыз,
Бастықта ар, намыс та жоқ.
Меңгеруші Қуатовта,
Түсінбедік, ұят жоқ па ?
Былтыр берген 500 сомды,
Олай жонды, былай жонды,
Ақырында жоқ боп кетті,
Енді білдік өзі жепті.
Киров ауыл советінің,
Бастығы ағай Жұбаевқа:
— Бұл сіздерге лайық па ? —
Деген едік тыңдамады,
Оған қарсы тұрайық па.
Сөз аяқсыз қалып қойды,
Қайта, тыйым салып қойды.
Енді мынау күз келеді,
Күз бен қоса сыз келеді,
Сырқырайды аяғымыз,
Отыратын баяғы біз...
Осы жайды сіздерге айта,
Өтінішпен қайта-қайта,
Болмасын деп бойға қарыз,
Қысқашалап жаздық арыз".


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үш орындық, екі тақта өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Үш орындық, екі тақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үш орындық, екі тақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үш орындық, екі тақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері