Қызылшаның арызы – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қызылшаның арызы» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1517
Ойласып, ақылдастық та,
Хат жазып тұрмыз бастыққа:
"Бізде қанша жазық бар,
Үстімізге қар жауып,
Жатқызар тоңды жастыққа
Домбығып мынау бетіміз,
Аязды сорып етіміз,
Айдалада жатырмыз,
Ең болмаса бір келіп,
Көзбен көріп кетіңіз!
Ала жаздай аялап,
Колхозшылар баптады,
Бізді өнімді етем деп,
Бір күн тыным таппады.
Еңбегінен солардың,
Өркендеп, өскен өнім ек,
Гектарына бес жүздеп,
Мыңдап та өнім беріп ек.
Төгілген тер, еңбекті
Тастамас деп сеніп ек,
Көлігі жетпей жатыр-ау,
Деп шыдап-ақ келіп ек,
Сөйтіп жүріп күз жетті,
Жанбасқа аздап сыз өтті,
Оған да біз көніп ек.
Бірте-бірте қыс жетті,
Бізден енді күш кетті,
Нашарлап барады сапамыз.
Әсіресе біз соған
Өте-мөте қапамыз.
Қалаға кетсең, бастық - ау,
Неше күндеп кетесің,
Текке жүріп қалада
Таптайсыңдар көшесін.
Кейде жолың түскенде,
Қиығын салып көзіңнің,
Түк үндемей өтесің,
Көздерің сірә көрмейді,
Қызылшаның аяз бен
Суық сорған шекесін!"
Бүйте берген бастықтың,
Тиісті заң танытар,
Мықтап тұрып көкесін,
Айтқан кезде төтесін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылшаның арызы өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Қызылшаның арызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылшаның арызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылшаның арызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері