Тілемсек пен Сұраншақ

Бұл бетте «Тілемсек пен Сұраншақ» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2471
Жұмысы жүрмей ақсаған,
Жиналыс сайын қақсаған,
Бір ауыз сөз сөйлесе,
Заявкадан бастаған:
— Тақтай керек бізге, — деп,
Тақылдаған таңдайы.
Таппай қойдық іздеп ек, —
Деп жылтырап маңдайы,
Тұрғанды кім десеңіз,
Тілемсек пен сұраншақ.
Береді деп білетін,
Өкіметтен сұрансақ.
Әкелері білгендей,
Атын солай қойыпты.
Есіткен жұрт күлгендей,
Тілемсек те болыпты.
Сол екеуі әрқашан,
Заявкада "жолықты".
"Тұқым жоқ" деп Сұраншақ,
"Көлік жоқ" деп Тілемсек,
Бірінен, сірә, бірі алшақ,
Кеткен емес тым алшақ.
Шай да сұрап жатқаны,
Май да тілеп қояды.
Білмейді олар басқаны,
Бұлар қашан тояды?..
Жетім қозы сияқты,
Тілемсек пен Сұраншақ.
Білмейді ешбір ұятты,
"Ебін тауып бір алсақ ".
Бүгін келіп трактор,
Ертең келіп завчасты,
Ұялмастан сұрап тұр,
Әздерінде ондайлар,
Жата - жата тот басты.
Жылда жоспар артық деп,
Азайтуды сұрайды.
Өз цифр айтып боп,
Басқаларды сынайды.
Сонымен уақыт өтеді,
Бірақ, жүрген жолы тар,
Әйтеуір алсақ деседі,
Сұраншақ өңкей тоғышар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілемсек пен Сұраншақ өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Тілемсек пен Сұраншақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілемсек пен Сұраншақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілемсек пен Сұраншақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері