Көкала ат – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Көкала ат» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2868
Бәрекелді, ат бақсаң осындай бақ,
Жіп құйысқан байла да қоңырау тақ!
Сүйектері ән салсын салдыр-күлдір,
Құр тулағын қалдырып мін дағы шап!
Қуламайды. Көкала "құлайды" десең,
Шаба береді жануар "шу - айт!" десең!
Күліп барады сүйегі ыржаң қағып,
Көкаланы "өледі"деп кім айтты екен?
Айт жануар, Көкала, жүріңкіре,
Сүйегіңді ыржаңдат, күліңкіре!
Сені баққан адамның аты шықсын,
Өлмей тірі әлі өмір сүріңкіре!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері