Көйіншік көрт – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Көйіншік көрт» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1800
Түйелі ауыл...
Үйді-үйде қою сүт көп,
Тоққа бәрі көрінбек ойыншық боп...
Тынымды ап жүр,
Иықтап Аруананы,
Тексіз туған көрдемше — көйіншік көрт!
Кешегі өткен Атаның арда малы,
Боздағаны жырлатқан сары даланы—
Түс үлектен қайыған аруана еді,
Таты неме бұзады-ау Ару Ананы.
Жағдай осы—мейлі енді аспанға әшкерт,
Тап осындай күйіктен басталмас па өрт?!
Қотан менен Келеге қожа болып
Сүркілдейді — сүдінсіз астаубас көрт.
Осы бір жай етті ғой жүректі ойран,
Қылар қайдан үлекке білек қайран...
Дойырын ап Бабаның сояр ма еді,
Көйіншіктен кім екен үлек қойған?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері